Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғынынан 470 түп қарасора тәркіленді

Алматы облысының тұрғынынан 470 түп қарасора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілде күні сағат 14:30 шамасында Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылы аумағында “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде 35 жастағы Ж. есімді азаматты ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді.

Күдіктінің өзінің жеке үйінің бақшасында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқаны анықталды.

Үйді тінту барысында бақшадан құрамында есірткі заттары бар қарасора өсімдігінің 470 түбі табылып, тәркіленді.

Күдікті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Ұйғыр ауданының ПБ-ға жеткізілді. Барлық тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру