Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында үш күн ішінде интернет-алаяқтық жасағаны үшін 14 күдікті құрықталды

Жетісу облысында үш күн ішінде интернет-алаяқтық жасағаны үшін 14 күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында «Аnti-fraud» профилактикалық іс-шараның қорытындысы шығарылды, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, алаяқтық жасады деген 14 күдікті анықталды. Алаяқтық фактілерін облыстық КПБ қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің барлық аудандық бөлімшелерінің жедел қызметкерлері бірлесіп ашты.

Тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармақтың 2-бөліміне (Алаяқтық), 188-бабы 4-тармақтың 2-бөлігіне (Ұрлық), 198-бабының 1-бөлігіне (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) сәйкес жүргізіледі.

Онда әртүрлі ақпарат пен интернет-ресурстарды және артылған сенімді асыра пайдалану арқылы жасалған ұрлық, контрафакті және алаяқтық қылмыстары көзделген.

 – Полиция бұрын Талдықорған қаласында тұрған Қостанай облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Бойжеткен қыз адамдарға ақша табу тәсілін көрсетуге уәде бере отырып, WhatsApp мессенджерінде топ құрған. Қазір 11 жәбірленуші анықталды, оның ішіндегі 5 адам талдықорған тұрғындары. Тек біздің қала тұрғындарының шығыны 3 млн теңгеден асты. Қазір бұл қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды, – деді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.

Жыл басынан бері Жетісу облысында 106 алаяқтық фактісі тіркелді, соның ішіндегі 32 дерек интернет-алаяқтық санатына жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру