Алматы облысындағы колонияға ер адам телефонды кітапқа жасырып өткізбек болған
Алматы облысындағы колонияға телефонды кітап ішіне жасырып өткізбек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесіне тыйым салынған затты өткізуге әрекет жасалды. Телефонды кітап ішіне жасырып өткізбек болған ер адам ұсталды.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Кітап ішіне жасырылған Huawei қара түсті телефон тәркіленді.
– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материал жиналып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп атап өтті мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.