Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арқалық пен Рудныйда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрылды

Арқалық пен Рудныйда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің бастамасымен жасақталған. Бұл отрядтың негізгі міндеті қоғамдық – саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-ойын-сауық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету. Тағы бір міндеті көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

– Қостанай облысында барлығы 200-ге жуық жасақ қызметкері бар. Енді 2 взвод Рудный және Арқалық қалаларында қызмет атқаруда. Біз демалыс және мереке күндері қызмет етеміз. Негізінен ойын-сауық мекемелерінің жанында және қоғамдық тәртіпті бұзу ықтималдығы жоғары жерлерде қызмет атқарамыз, – деді ЖҚАЖ командирі Жанибек Мухамеджанов.

Қостанай облысы ПД өткен жылы ЖҚАЖ қызметкерлерімен “ізін суытпай” 40 қылмысты ашты, азаматтардан тыйым салынған 18 зат, оның ішінде пневматикалық қару, соғу таяқтары мен пышақтар тәркіленгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру