Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған азамат анықталды

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты тергеу изоляторының қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының тергеу изоляторына Саран қаласының 22 жастағы тұрғыны тергеу изоляторындағы танысы С. есімді азаматқа азық-түлік жеткізу туралы өтініш берген. Аталған сәлемдемені багаж бен жүкті тексеруге арналған рентгентелевизиялық құрылғымен тексеру кезінде пакет ішіндегі самсадан фольгаға оралған ерекше иісті жасыл түсті зат табылды.

Аталған факті бойынша Қарағанды қалалық ПБ ОЖБ ЖТТ сотқа дейінгі тергеу туралы шешім қабылдау үшін шақыртылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру