Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есептегі үш сотталған бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Бостандық аудандық пробация қызметінің бақылауында тұрған 3 сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың үшеуі де ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылған. Сотталғандардың ішінде А. деген азаматқа пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін іздеу жарияланды. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қолға түсті.

Пробациия қызметкерлерінің жаза өтеу тәртібін түсіндірулеріне қарамастан, заң бұзушылыққа жол берген 3 сотталғанның да ісі сотқа жолданып, жуырда олардың барлығының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

– 2024 жылдың басынан бері Бостандық аудандық пробация қызметінің есебіне барлығы 227 сотталған алынды. Олардың ішінде 3 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша Бостандық аудандық прокуратурасымен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде жуырда екі сотталған жұмысқа орналасты, – дейді Бостандық аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Гаухар Қасымова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру