Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының автожолдарында кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Қазір патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқаруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция, жаяу патрульдеу нарядтарының тығыздығы артты, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының жұмысы күшейтілді.

– Іс – шараның басты мақсаты- жол қозғалысы қатысушылары арасында жол қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және алдын алу жұмыстарын жандандыруды күшейту, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі апаттылықты төмендету. Бүгінгі таңда құрамына Полиция департаментінің саптық бөлімшелерінің басшылары және жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полицияның құзыретті қызметкерлері кіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. ЖҚЕ қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде тоқтататын нарядтар саны артты. Басты назар апаттылыққа әсер ететін ЖҚЕ қатысты өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады, – деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев.

Бұдан өзге, іздеудегі адамдар мен көлік құралдарын анықтау мақсатында жүргізушілерді жыл ішіндегі қайталама және жүйелі құқық бұзушылықтарды жасау тұрғысынан барлық есепке алу дерекқорлары бойынша тексеру ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері, қараңғылау пленкасымен тондалған шынылары бар, мемлекеттік нөмірлік белгілері жоқ автомобильдерді басқаратын көлік құралдарының жүргізушілері мен жол-көлік оқиғасы орынынан жасырынған жүргізушілер ерекше бақылауға алынады.

– Сонымен қатар, ЖКО орындары шоғырланған жерлерде көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдаланылуының жай-күйіне зерттеулер жүргізіледі. Бұдан өзге, «Қауіпсіз жол» акциясы аясында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауға ерекше назар аударылатын болады. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын, жаяу жүргіншілерді – көшені қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен және тек бағдаршамның рұқсат беретін сигналына өтуге, ал жүргізушілерді өте мұқият болуға, жол ережесін бұзбауға және жылдамдық режимін сақтауға шақырамын, – деп толықтырды генерал Кудебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру