Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараңғы әйнек, ксенон-шамдар: жүргізушіге хаттама толтырылды

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерден кезекті жол қозғалысы ережесін бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде көше бойында күңгірттелген әйнектері мен заңсыз жедел қызметтердің арнайы дабыл белгілері орнатылған “Лада” маркалы автокөліктің бейнежазбасы таралған болатын.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазығұрт АПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлікті аудан орталығы көшелерінің бірінен ұстады. Тексеру кезінде “Лада” автокөлігінің алдыңғы әйнектері күңгірттелген, ал алдыңғы жарықшамдары “ксенонмен” жабдықталған, бұл заңмен тыйым салынған.

Шымкент қаласының тұрғыны жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5 және 7-бөліктері бойынша (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу), яғни “Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқару, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде” және (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Тәртіп сақшылары құқықбұзушының автокөлігін Қазығұрт ауданының айыптұрағына қойды.

Өз кезегінде жігіт бұл әрекетін толық мойындады және бұл бейнежазбаны әлеуметтік желіге бір жыл алдын орналастырғанын түсіндірді. Алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтар жасамауға және жол ережелерін сақтауға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру