Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнде серуендеген жасөспірімдер бейімдеу орталығына орналастырылды

Ақтөбе облысында “Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктердің, темекі өнімдерінің сатудың алдын-алудың мақсатында 14-20 қыркүйек аралығында облыс аумағында “Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде ІІО-ға 247 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде 223-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде 23.00-ден 06.00-ге дейін болғаны үшін жасөспірімдерді бейімдеу орталығына қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін алты жасөспірім орналастырылды, кәмелетке толмағандардың суық қару заттарын алып жүруінің екі фактісі анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 18 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІО-да 26 жасөспірім және 22 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 16-дан 18 жасқа дейінгі адамдар жасаған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жеті кәмелетке толмаған бала тартылды.

Алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша бес жеке кәсіпкер жауапқа  тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру