Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қой ұрлаған қаскөй ұсталды

Қызылорда облысында қой ұрлаған қаскөй ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйекте Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Қарауылтөбе ауылының тұрғыны мал қорасынан екі бас қойының ұрланғандығы туралы шағым түсірді.

Департамент қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Қызылорда қаласының тұрғыны.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру