Алматы облысының колониясына есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды
Алматы облысының №57 мекемесіне есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №57 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде есірткі затын аумаққа лақтыру фактісінің алдын алды.
Мекеменің іргелес аумағында, скотчпен оратылған 3 түйіншекті тыйым салынған аумаққа лақтырмақ кезінде ҚАЖ қызметкерлерімен ер азамат ұсталды. Түйіншек ішінен 700 қара-жасыл түсті дәрі тектес және жасыл түсті шөп тектес есірткі заттар анықталып, тәркіленді.
– Аталған факті бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу іс амалдары басталды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігінде есірткі заттарын заңсыз жібергені немесе өткізгені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көзделген.