Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Тараздан тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Тараздан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жетісай полиция бөліміне кешкі уақытта Жылысу ауылының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Айтуынша, 14 жастағы қызы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Анасы баласын іздеп жүргеніне тәулік болған. Нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жетісайлық полицейлер хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған қызды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде жасөспірім қызды Тараз қаласындағы автобекеттен тапты.

Белгілі болғандай, жоғалған қыз отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда жоғалып кеткен қыз үйіне қайтарылды. Баласымен аман-есен қауышқан ана баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру