Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заң жобасы талқылануда

ІІМ-де министрдің орынбасары Ержан Сәденовтің төрағалығымен “Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заң жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң жобасы Мемлекет басшысының адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жөніндегі тапсырмалары шеңберінде әзірленеді.

Отырысқа адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Мемлекеттік органдардың, зерттеу институттарының, халықаралық, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы адам саудасының құрбандарын қолдаудың нақты тетігін айқындау, елде уақытша болатын адам саудасының құрбандары-шетелдіктерге сәйкестендіру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, құрбандарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету және басқа да мәселелерді талқылады.

Жалпы, заң жобасы:

  • адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін құру;
  • кейбір анықтамаларды (“адам саудасы”, “адам саудасының құрбандарын анықтау”, “қайта бағыттау механизмі” және т.б.) халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
  • уәкілетті органдарды және ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимыл мәселелерін анықтау;
  • іс-қимыл субъектілері болып табылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретін бекіту;
  • адам саудасының құрбандарын, оның ішінде Қазақстан аумағында құрбан болған шетелдіктерді қорғау және оларға көмек көрсету;
  • кәмелетке толмаған жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
  • халықаралық міндеттемелерді орындау және басқа да мақсаттарға бағытталған.

Заң жобасын енгізу мерзімдері: 2023 жылғы қаңтар – Әділет министрлігіне; 2023 жылғы ақпан – Үкіметке және 2023 жылғы сәуір – Парламентке белгіленді.

Әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Өз ұсыныстарыңызды талқылау және заң жобасына енгізу үшін s.stoptrafik@mvd.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру