Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері қару мен оқ-дәрілердің орналасқан жерін анықтады

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрілердің орналасқан жерлерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД № 71 мекемесінің қызметкерлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Жетісу облысы ПД КПБ бірлесіп, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің тұрған жерін анықтау бойынша жедел жұмыс жүргізді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ескелді ауданы Шымыр ауылының шетіндегі бетон плиталарының астынан бір дүкені бар бір Байкал тапаншасы, бір СПШ тапаншасы, екі Макаров тапаншасы дүкені және 9 мм калибрлі 16 патрон табылды.

Сондай-ақ, Қаратал ауданы Тастөбе ауылының маңында арықтан 6 патроны бар қарудан екі дүкен табылды.

– Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерімен қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілерін анықтау және ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Екі факті де сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру