Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1,8 млн теңгеге жуық айыппұлы бар Toyota Ipsum көлігін шаһардың Әуезов ауданының полицейлері ұстады.

– Бұған дейін хабарланғандай, жол қозғалысын реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді, ол жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерді және сақтандыру полисінсіз жүрген шетелдік МТНБ бар автокөліктерді, сондай-ақ жалпы ағыннан көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, бір күн бұрын Қырғызстанда тіркелген, жалпы сомасы 1 782 090 теңгені құрайтын айыппұлдары бар Toyota Ipsum көлігі ұсталды. Минивенді 55 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Бұл көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев

Спикердің айтуынша, қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы дабыл беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру