Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мейрамхана алдындағы төбелес видеоға түсіп қалған

Атырауда мейрамхана алдындағы төбелес видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz

31 тамыз күні таңғы сағат 05:44 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Баймұханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің алдында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқанын байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткен кезде олардың бірі қашып құтылмақшы болған. Алайда 35 жастағы және 41 жастағы екі азаматты да полицейлер анықтады. Медициналық сараптаманың нәтижесімен олардың “орта дәрежелі” мас екендігі белгілі болды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру