Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда әйел әкесінен ақша ұрлаған

Таразда әйел әкесінен 600 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 60 жастағы ер адам арызданған. Ол бір апта ішінде қызы ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен жеке есепшотынан өзіне 600 000 теңгеден астам ақша аударғанын хабарлады.

Шу ауданының полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің қызы болып шықты. Әкесінің ақшасын ұрлаған әйел өз кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нiң 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру