Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да іздеуде болған сотталған Көкшетаудан ұсталды

СҚО-да іздеуде болған сотталған Көкшетаудан ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтарды болдырмау және тәртіпті сақтау мақсатында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Алайда барлық қабылданған шараларға қарамастан, есепке алынған адамдар жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзған, өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған, сондай-ақ пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайлар болады. 

Осындайлардың бірі – пробациялық бақылаудан жасырынған Петропавл қалалық ПҚ есебінде тұрған Р.есімді сотталған. Пробация қызметінің ұсынысы бойынша СҚО Петропавл қалалық сотының қаулысы негізінде сотталған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, іздестіруге жарияланды. Нәтижесінде сотталған Ақмола облысы Көкшетау қаласының жедел криминалистикалық басқармасының қызметкерлерімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотталған Р. ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігінде көзделген бас бостандығын бір жыл шектеу түріндегі жаза тағайындай отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды. Петропавл қаласы пробация қызметінің есебіне 2022 жылғы 25 мамырда қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру