Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақша өткізбек болған: СҚО тұрғыны түрмедегі күйеуімен кездесу мүмкіндігінен айырылды

СҚО тұрғыны түрмедегі күйеуімен кездесу мүмкіндігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелеріне ұзақ мерзімді кездесулерге келген сотталғандардың туыстарымен сотталғандарға тамақ өнімдерін беру және бірінші қажеттілік қағидалары мен тәртібі туралы түсіндіру әңгімелері жүргізіледі. Сондай-ақ, оларға мекеме аумағына тыйым салынған заттарды алып өткені үшін жауапкершілік туралы ескертіледі.

Алайда тұрақты түрде жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, сотталғандардың туыстары тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әртүрлі тәсілдермен әкеліп, өткізуге тырысады.
А.есімді азаматша СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесіне жұбайымен ұзақ кездесуге келген, оның жеке заттарын тексеру кезінде жазба кітапшасынан 2500 теңге табылып, тәркіленді.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материал құрастырылып, шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен әйелге “ескерту” және жұбайымен бір жылға кездесу түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Қайталап жасалған теріс қылық жағдайында оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 2-бөлігіне сәйкес 30 тәулікке дейін қамауға алынатын болады.

Жыл басынан бері бұл сотталғандарға ақша қаражатын заңсыз беруге тырысудың бірінші фактісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру