Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстанда колония қызметкерлері шоколадтың ішінен телефон тапты

Солтүстік Қазақстанда колония қызметкерлері шоколадтың ішінен телефон тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЕС-164/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А.есімді сотталғанға алып келінген сәлемдемені тексеру барысында шоколад қаптамасына оралған телефон табылды.

Телефон фольгадан тұратын қос қабатқа мұқият оралып, үстіне шоколад құйылып, жасырылды.

Сотталған шоколадта жасырылған ұялы телефонды оған әзілдесіп, оның жиені бергенін айтты.

Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті материалдар жасалып, одан әрі шешім шығару үшін сотқа берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру