Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ұрлық жасаған деструктивті діни ағым өкілі 4 жылға сотталды

Атырауда 22 жастағы ұрлық жасаған деструктивті діни ағым өкілі төрт жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырауда 22 жастағы тұрғын қала аумағында орналасқан көлік жөндеу орталығының ғимаратының пластикалық терезесінен ішіне заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жымқырған. Ол жанар-жағармай өлшейтін манометр құрылғысы салынған чемодан, екі түрлі кілттер жиынтығы салынған чемодандарын және болгарка құралын қолды қылып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Тергеп-тексеру барысында күдіктінің деструктивті діни ағым өкілі екендігі белгілі болды. Ер адамның бұрын бірнеше рет сотты болғандығы анықталған.

Қазіргі уақытта 22 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімімен ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық) 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру