Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды
Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22-31 шілде аралығында әртүрлі елдердің шұғыл әрекет ету қызметтерінің қызметкерлері арасында байланыс орнату мақсатында Нидерландтың Роттердам порт қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілердің Дүниежүзілік ойындары өтті. 10 күн бойы қалада спорттық жарыстар өтіп, оған 70 елден 10 мыңнан астам қатысушы, оның ішінде Қазақстан өкілдері де қатысты.
Қатысушылар спорттың әртүрлі түрлерінен, соның ішінде бокс, кроссфит, жеңіл атлетика және т.б. бойынша жарысты.
Бокстан 86 келіге дейінгі салмақта Сәкен Құсайынов екінші орынды иеленді. Елордалық Полиция департаментінің 34 жастағы взвод командирі ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Полицей-спортшы 9 жастан бастап бокспен айналысады. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше рет ҚР чемпионаттары мен түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
«Бұл жеңісті мен Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойына, сондай-ақ ата-анама, отбасыма және жақындарыма арнаймын», – деді Сәкен.