Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қаруды заңсыз сақтаудың 2 фактісін анықтады

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қаруды заңсыз сақтаудың 2 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ЕС-164/3 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерімен бірлесіп, қару сақтаудың заңсыз фактілері туралы ақпаратты анықтады.

Көрсетілген ақпарат өзара іс-қимыл және одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде процестік шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі атыс қаруы табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның аясында қажетті тергеу әрекеттері кешені жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру