Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

43 жастағы қостанайлық алғаш рет қазақстандық үлгідегі жеке куәлікті алды

43 жастағы қостанайлық алғаш рет қазақстандық үлгідегі жеке куәлікті алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қостанай облысында ҚР азаматтығы жоқ 100-ден астам адам анықталды, олардың ішінде көші-қон қызметіне уақтылы жүгінбеген Қостанай қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Қостанай қаласының Полиция басқармасына ер адам құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

– Сонау 90 жылдардағы өмірлік қиындықтарға байланысты ол жеке басын куәландыратын құжаттарын уақытында ауыстыра алмады. Мұндай жағдайда денсаулық сақтау, білім беру қызметтерін алу, ресми түрде жұмысқа орналасу, сондай-ақ жәрдемақы мен зейнетақыны ресімдеу қиынға соғады, – деп түсіндірді Қостанай қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Рустам Шаяхметов.

“Қызыл паспорттары” бар адамдардың ҚР азаматтығына жататынын анықтау күрделі санат болып саналады. Әдетте, олар елден тыс жерде туылған немесе бұрын өмір сүрген. Содан кейін полиция қызметкерлері қажетті ақпаратты елшіліктерден немесе шет мемлекеттердің консулдықтарынан сұрайды.

– Біз қажетті құжаттарды жинау бойынша көмек көрсеттік. Қостанай қаласының 43 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасының толық құқықты азаматы болды және қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады, – дейді Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Ринат Сыздықов.

Ер адам көмек үшін алғысын білдірді. Ол полицейлердің жедел және кәсіби әрекет еткенін, сондай-ақ қалыптасқан жағдайға тиісті назар аударғанын атап өтті. Полиция қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру