Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да түрме қызметкерлері термостың ішінен телефон мен есірткі тапты

СҚО-да түрме қызметкерлері термостың ішінен телефон мен есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыйым салынған заттарды алып өтудің әрекетін ЕС-164/8 мекемесінің қызметкерлері тоқтатты.

Сотталғанға берілген сәлемдемені тексеру кезінде екі шағын термостан трамадолдың 20 таблеткасы, ұялы операторлардың SIM-карталары бар телефон, USB-кабелі және есірткіге ұқсас, шығу тегі белгісіз зат табылып, анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

– Егер зат шын мәнінде есірткі болып шықса, жөнелтуші ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – деді өңірлік ҚАЖ департаментінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру