Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының ПД бастығы – тікелей эфирде

Тұрғындар тікелей эфир барысында Алматы облысының бас полицейіне алғыстарын айтып, полицейлердің қызметтеріне сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев апта сайын “Instagram” әлеуметтік желісінде халықпен онлайн кездесуді әдетке айналдырған.

Полиция департаментінің арнайы парақшасы арқылы өткізілетін тікелей эфирге әлеуметтік желіні пайдаланушылар еркін қатысып, пікірлері мен сұрақтарын қалдыра алады.

Сонымен қатар оның “Facebook” желісінде де жеке парақшасы бар екенін және онлайн кездесуде ватсап желісі арқылы бейнеқоңырау жасау мүмкіндігі қаралғанын ескерген жөн.

– Мемлекет Басшысы “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасын енгізді. Осыған орай мен де, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің басшылығы да апта сайын тікелей байланысқа шығады. Халық сенім білдірген қызметте отырғандықтан, олардың пікірлерімен үнемі санасып отырамыз, – деді Алматы облысының бас полицейі Серік Күдебаев.

Үш сағатқа созылған онлайн кездесу барысында тұрғындар полиция қызметіне қатысты түрлі сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді.

– Бүгінгі тікелей эфир барысында Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, “Есік” газетінің тілшісі Әлішер Матхалықов хабарласып, пәтер ұрлығын кәсіп қылған қылмыстық топты құрықтаған тәртіп сақшыларының нәтижелі еңбегі үшін алғысын білдірді. С.Кудебаев мінсіз қызмет атқарып, жақсы нәтиже көрсеткен тәртіп сақшысына және полицейдің еңбегін бағалаған тұрғынға алғысын білдірді, – деді ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру