Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері “Есірткіге жол жоқ” арнайы маскаларды таратты

Коронавирустық пандемия басталғалы Алматы облысының полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына жеті мыңнан астам медициналық бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар тарапынан осыған ұқсас іс-шаралар қолдауға ие және бастаманы құптап, тәртіп сақшылары таратқан бетпердеден өздеріне және жақындарына да алады. Кезекті акцияны Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізді.

– Қазіргі карантин жағдайында акциямыз екі мақсатты көздеді. Ең алдымен, жас ұрпаққа есірткінің зияны туралы жеткізу, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу. Маскаларда стоп-есірткі логотипі бар, ол өзінің негізгі қызметін орындау кезінде үнемі басты мақсатын еске салады, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД ЖПБ бастығы Қазбек Мұхамедов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру