Алматы облысының полицейлері МХҚКО қызметкерлерімен кездесті
Алматы облысының полицейлері МХҚКО қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының ПД қызметкерлері “полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатын іске асыру бойынша кең ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Осы мақсатта Алматы облысының тәртіп сақшылары Талдықорған қалалық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
– «Полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидаты, бірінші кезекте, азаматтардың полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге және олардың хабарламаларына жедел ден қою мен халықпен тығыз байланыс орнатуға бағытталған. Аталған шара халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын жеткізу мақсатында ұйымдастырылды, – дейді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы Нұрлан Искаков.
Шара барысында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын бірқатар мәселердің шешу жолдары мен қызмет ұсынуды жеңілдету бойынша ұсыныстар және жемқорлықпен күрес бойынша алғышарттар талқыланды.