Алматы облысының полицейлері «Учаске» шарасы аясында қабылданған шаралар туралы баяндады
Алматы облысында учаскелік полиция инспекторлары 100 мыңға жуық тұрғын үйді аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полицейлері «Учаске» шарасының аясында тұрғындармен 98 803 кездесу ұйымдастырған, оның 30 994 пәтер, 64 775 жеке үй және 7 568 саяжай тұрғындары болып табылады.
«Іс-шара нәтижесінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 33 адам анықталып, 317 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Олардың 7 алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені, 15 ойын – сауық мекемелерінде жалғыз болғаны, 5 қаңғыбастығы, 284 қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полиция назарына іліккен. Тіркелген атыс қаруларының иелері де назардан тыс қалмады. Берілген рұқсатқа сәйкес қару иелерінің 21,7% оның бар болуы мен сақталуын тексеру кезінде тәртіп сақшылары 190 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады, оның ішінде 143 дерек қаруды сақтау қағидаларын бұзу, ал 47 қайта тіркеу қағидаларын бұзу дерегі болып табылады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған 70 дана ойық ұңғылы қарудың патроны және 83 дана атыс қаруының ұңғысы тәркіленді, олар анықталған кемшіліктер жойылғанға және салынған айыппұлдар төленгенге дейін полицияда қалатын болады»,- деп атап өтті Алматы облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.
Іс -шара барысында 15 858 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар:
• ҚР ӘҚБтК 73 -бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 840;
• ҚР ӘҚБтК 127 – бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) – 94;
• ҚР ӘҚБтК 196 – бабы (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) – 10;
• ҚР ӘҚБтК 204 – бабы (Белгіленбеген орындарда сауда жасау) – 1046;
• ҚР ӘҚБтК 434 – бабы (Ұсақ бұзақылық) – 279;
• ҚР ӘҚБтК 434 -2 – бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) – 375;
• ҚР ӘҚБтК 440 – бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 1695;
• ҚР ӘҚБтК 492 – бабы (Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 2153;
• ҚР ӘҚБтК 518 – бабы (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) – 79.
«Бұл алдын алу іс-шарасы, ең алдымен, криминогендік жағдайды жақсартуға бағытталған. Біздің міндетіміз – қылмыстың жасалуының және ауыр зардаптардың туындауының алдын алу және болдырмау. Полицияның белсенділігі, заңсыз әрекеттер үшін туындайтын жауапкершілікті көрсету халықты тәртіпке шақырады және көптеген азаматтар осы процеске қатыса отырып, полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді көмектеседі», – деп толықтырды Бағдат Әшімов.
Аталған іс-шара 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.