Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жол жүру ережесіне қатысты 53 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Алматы облысының полицейлері жол жүру ережесіне қатысты 53 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында жолда жүру тәртібін арттыру және ЖКО санын азайту мақсатында Алматы облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 2 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Полицейлер көлікті мас күйінде басқарғандарға, қарсы жүру, маневр жасауға байланысты құқық бұзушылықтарға, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін сақтамағандарды анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударуда.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 53 217 ЖҚЕ байланысты құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде: техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару бойынша 2 200-ден астам құқық бұзушылық, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін 5 550-ге жуық дерек, көлік құралдарын жүргізу кезінде жүргізушілердің телефон немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін 3 600-ге жуық дерек, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына басқа да қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін 11 400-ге жуық құқық бұзушылық, мас күйінде көлік құралдарын жүргізушілерді басқарғаны үшін 119 дерек бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру