Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында дүкеннен ұялы телефон ұрлаған жігіт ұсталды

Түркістан облысында дүкеннен ұялы телефон ұрлаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ кезекші бөліміне ер адам арызданды. Жәбірленуші өз арызында, ұялы телефонын ұрлатқанын жеткізеді. Яғни азық-түлік дүкенінде үстел үстінде тұрған телефонын біреу қолды қылған. Тұрғынның ОРРО ұялы телефоны 160 мың теңге тұрады.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер бірінші кезекте көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Ұсталған ұялы телефон сату, сатып алумен айналысатын орындарды мұқият тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АПБ полицейлері бір тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.

Анықталғандай, күдікті сатушының байқамай тұрғанын пайдаланып, қараусыз тұрған ұялы телефонды үптеп кеткен. Ұрланған телефонды сауда орталықтарының біріне алып барып, 37 мың теңгеге сатып жіберген. Ал ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша жүргізілуде.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Ұялы телефондар мен әмияндарды көзге көрінбейтін жерде сақтау керектігін ескертеді. Сондай-ақ, сауда орындарында бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыздар. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру