Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері Амангелді Имановтың 150 жылдығын атап өтті

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері халық батыры Амангелді Имановты еске алу кешіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz

1916 жылдың Ұлт азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың туғанына биыл 150 жыл толды. Халық батырының құрметіне орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында әдеби сазды кеш өтті.

Атаулы іс-шараға Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелер және пробация қызметкерлері белсене қатысты.

 

Іс-шара барысында қызметкерлер фото сүреттерден ұйымдастырылған көрме тамашалап, тағылымы мол тарихтан шертілген сырлардың күәгерлері болды. Сонымен қатар жиынға батырдың ұрпақтарымен қоғам қайраткерлері қатысып, өз құттықтауларын жеткізді.

– Тарихымыздың құнды деректері қамтылған әдеби сазды кештер ҚАЖ қызметкерлерінің әдеби патриоттық сезімін оятып, өткенің ұмытпауларына үлес қосатыны айқын, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру