Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері театрға барды
Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері Талдықорған қаласындағы драма театрына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерінің білім деңгейі мен мәдениетін арттыру мақсатында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрына барып, театр сахналарын тамашалады.
Драма театрының әртістері жоғары шеберлікпен қызықты және танымдық көріністерді ұсынды. Театр оркестрі сонымен қатар әртістерінің қойылымдарына жанды әуендердің дыбыстарымен жарықтық берді.
Спектакль аяқталған соң театр басшылығы ҚАЖД басшылығына ата-бабаларымыздың мәдениеті мен руханиятына баса назар аударғаны үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде Алматы облысы бойынша ҚАЖД басшылығы әртістерге қызықты сахна құрғаны үшін алғыс айтып, жақын арада театрға тағы да келуге уәде берді.