Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмектесіп, алғысын алды

Ескелді ауданының полиция қызметкерлері көлігінің дөңгелегінің желі шығып, жол ортасында қалған азаматшаға көмектесіп, алғысқа бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ескелді ауданының тәртіп сақшылары авариялық сигналы жанып тұрған көлікті байқап, жүргізушіден не болғанын сұраған. Аталған азаматша көлік дөңгелегінің желі шығып, жол ортасында қалғанын жеткізген. Мұны естіген полицейлер бірден көмек көрсетуге кірісіп, көлік дөңгелегінің желін үрлеп, жүргізушіге еш кедергісіз сапарын жалғастыруға септігін тигізген.

Өз кезегінде, көлік тізгініндегі азаматша басқа көлік жүргізушілерінің тоқтамастан өтіп кеткенін, қолайсыз жағдайға тап болған сәтте көмек көрсеткен тек полиция қызметкерлері екенін айтып, шын жүректен алғысын білдірді.

Айта кету керек, бұл тәртіп сақшыларының келеңсіз жағдайға тап болған қарапайым азаматтарға көмек беруінің алғашқы мысалы емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру