Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер “Дәрмек” іс-шарасы барысында 11 құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарының, прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкету, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, шара кезінде полицейлер химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, медициналық мекемелердің құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектерді заңсыз айналымға түсіруіне жол бермеу, осындай құқық бұзушылықпен айналысатын тұлғаларды анықтау бағытында қарқынды қызметтер атқаруда. 

Атап айтсақ, облыс полицейлері іс-шара барысында 11 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) төрт құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) екі дерек тіркеліп, жалпы салмағы 6,5 грамға жуық синтетикалық есірткілер тәркіленген. ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бес дерек тіркелген. Іс-шара барысында үш дәріхана және төрт емдеу мекемесі тексерілді. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз әрекеттердің соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру