Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейі студентке көмектесіп, анасының алғысын алды

Алматы полицейі студентке көмектесіп, анасының алғысын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік инспектор – психологиялық біліктілігі бар, беделі бар, азаматтармен қарым-қатынаста кәсіби және адами көзқарас танытатын әмбебап полиция қызметкері.

Атырау қаласының тұрғыны Алматы қаласы ПД бастығы Арыстанғани Заппаровтың атына жазған хатын осылай бастады. Әйел учаскелік инспектор Арнат Бимурзаевтың қызметтік міндеттерін адал атқарғанын атап өтті.

 – Полиция қызметкерінің сезімтал әрі мұқият көзқарасы үшін ризашылығымды білдіремін. Мен одан қиын жағдайда қалған студент балама көмектесуін өтіндім. Өзім де алыс жолды ескеріп, Алматыға келе алмадым. Полиция қызметкері жұмысының көптігіне қарамастан менің балама көмектесті. Арнатқа біздің қауіпсіздігіміз, тыныштығымыз жолындағы қызметі және өз міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс айтамыз. Сіздердің қызметтеріңіз және осындай адал қызметкерлеріңіз үшін үлкен аналық құрметімді білдіремін. Қауіпсіздікте осындай қызметкерлер тұрғанда біз аналар басқа қалада оқитын ұлдарымызға алаңдамаймыз, – деп атап өтті үндеу авторы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру