Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті анықталды

Түркістан облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында стадионының алдында тұрған Daewoo Nexia көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Тәртіп сақшылары тәулік ішінде жәбірленушінің көлігі тұрған орын мен күдіктінің жеке басын анықтады.

Яғни, ұрланған көлік көше бойындағы дүкеннің алдынан табылды. Анықталғандай күдікті мас күйде келе жатып стадионның алдында есігі кілттеусіз тұрған көлікті көріп, мініп кеткен. Бұл сәтте автокөлік иесі сол стадионда футбол ойнап жүрген. Кейіннен қайтар уақытында көлігінің жоқ екенін көріп, бірден сақшыларға шағымын жеткізген. Көлік иесіне қайтарылды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру