Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігіне жалған нөмір таққан павлодарлық жауапқа тартылды

Көлігіне жалған нөмір таққан павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полициясына ВАЗ-21074 көлігінің жүргізушісі жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері 21 жастағы жас жігітті – көлік иесін анықтады. Тәртіп сақшыларымен әңгімелесу барысында ол жалған нөмірлерді “пафостық” фотосуреттер түсіру және достарына мақтану үшін орнатқанын айтты, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медияров.

Сонымен қатар белгілі болғандай, жазадан құтылу үшін жігіт көлігін сатып үлгерген. Алайда өз іс-әрекеттері үшін оған әлі де жауап беруге тура келеді. Жас жігітке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Оған сәйкес ол 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Жас жігіттен жалған нөмірлік белгілері тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру