Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 800-ден астам малды мамандандырылған қораға қамады

Ақмола полицейлері “Қаңғыбас мал” профилактикалық іс-шарасы аясында 800-ден астам ауыл шаруашылығы жануарларын мамандандырылған қораға қамады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қазаннан 10 қарашаға дейін Ақмола облысының аумағында мал ұрлығына жол бермеуге, қаңғыбас малды, мал мен ет өнімдерін айдау және тасымалдау арналарын анықтауға бағытталған “Қаңғыбас мал” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Өткізіліп жатқан іс-шара шеңберінде криминалдық, патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар қатарындағы мобильдік топтар қаңғыбас малды анықтап, ауыл шаруашылығы жануарларын мамандандырылған қораларға қамап, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полицейлер ҚР ӘҚБтК 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша 227 мал иесін жауапкершілікке тартты.

Мамандандырылған қораларға 839 ауыл шаруашылығы жануарлары қамалды, оның ішінде 330 жылқы, 375 ірі қара және 134 ұсақ мал.

28 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 2-тармағының 406-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар құрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру