Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері 191 шетелдіктің құқықтық мәртебесін реттеуге көмектесті

Алматылық полицейлер 191 шетелдік азаматтың құқықтық мәртебесін реттеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының көші-қон қызметі мұндай деректерді шаһарда 15-19 ақпан аралығында өткізілген төрт күндік “Келімсек” іс-шарасының нәтижелері бойынша жариялады.

– “Келімсек” жедел-алдын алу іс-шарасының төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 617 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 309-ы шетелдік азаматтар. Сот шешімімен 101 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан, ал азаматтық іс жүргізу арқылы басқа елдердің 10 азаматы елден шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 279 қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 29 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, көрсетілген мерзімде іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды. 191 шетелдіктің Қазақстан Республикасындағы құқықты мәртебесі реттелді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, ол Өзбекстан Республикасының консулдығымен бірге осы елдің 25 азаматы өз Отанына қайтарылғандығын, олардың сот шешімімен Қазақстаннан шығарылуы керек болғандығын еске түсірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру