Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері автопарк иелерімен кездесу өткізді

Алматы полицейлері автопарк иелерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының аяқталуы мен мектеп бітіру кештері қарсаңында Алматының полиция қызметкерлері мен көлік жалға беретін компаниялардың өкілдері балалардың қауіпсіздігін талқылады.

– Күн тәртібінде мектеп бітіру рәсімі қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, біз алдын ала жұмыс кеңесіне бастамашылық жасап, оған қатысушыларды кәмелетке толмағандарға көлік беруге тыйым салу туралы хабардар еттік. Сонымен қатар лимузин және басқа да жалға берілетін көлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысы ережелерін бұзбауға аудардық. Әдетте, жасөспірімдер терезеден, люктерден басын шығарады, картеждер ұйымдастырады. Кездесу, жалпы алғанда, сындарлы диалог түрінде өтті, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Естеріңізге сала кетейік, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту, балалар мен жасөспірімдерді тұрақты тұратын жерлері және оқу орындарындағы көліктік ортаға бейімдеу мақсатында жазғы демалыс барысында 20-30 мамыр аралығында “Назар аударыңыз, балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру