Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері карантин шектеулерін бұзғандарды анықтады

Жетісу ауданының ПБ қызметкерлері түнгі рейдтер өткізіп, карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеп тұрған көңіл көтеру және қоғамдық тамақтану орындарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімдіктің, Жетісу ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, “Атамекен” кәсіпкерлер одағының қызметкерлерінен құрылған мониторингілеу тобы кезекті рейдтік шараларын өткізіп, бүкіләлемдік коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантиндік шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеп тұрған бірқатар көңіл көтеру және қоғамдық тамақтану орындарын анықтады.  

Бейнежазбаны Алматы қаласының Полиция департаменті ұсынды

“Мониторинг тобы Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан халық сұранысына ие бірнеше ойын-сауық мекемесіне барды, атап айтқанда “Мост” түнгі клубында келушілер саны айтарлықтай көп, уақыттың түн жарымынан асқанына қарамастан тіршілік қызу қайнап жатыр.  Бұл факт бойынша клуб әкімшілігі тиісті түсініктеме бере алмады. Әкімшілік материал жинақталып, шешім қабылдау үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөліміне жіберілді. Сонымен қатар түнде біздің аудан аумағында Геологов көшесі, 1В мекенжайында орналасқан “Карина” ЖК лото клубының және осы көшеде орналасқан лағманхана мен донер асханасының жұмыс істеп тұрғаны анықталды”, – деді Жетісу ауданы Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру