Алматы полицейлері концерттік билеттерді сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі
Алматы полицейлері концерттік билеттерді сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған 18 жастағы Л.есімді азамат жүзеге асырған. Оның үстіне ол онлайн әрекет етті: билеттерге тапсырыстарды Instagram арқылы қабылдады.
Ал әлеуметтік желіде ауқымды жарнамалау үшін қаскөй SMM менеджерін жалдады. Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды.
Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Олардың кейбіріне жалған билет сатушы 50 центтің концертіне билеттерді “сатқан”. Басқа ықтимал құрбандарды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасып жатыр.