Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны контейнерден 6 балалар квадроциклін ұрлап кеткен

Ақтөбе тұрғыны контейнерден 6 балалар квадроциклін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашадан 26 қарашаға қараған түні Ақтөбе қаласы Кирпичный ауылындағы бау-бақша ұжымдарының бірінде салынып жатқан нысанның аумағынан контейнерден 6 балалар квардроциклі ұрланған. Кәсіпкер келтірілген залалды 4,5 млн теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында пәтерлерді аралап, көршілерімен сөйлесті. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің 26 жастағы көршісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Ұсталған адамның айтуынша, ол контейнердің жанынан өтіп бара жатып, контейнердің құлыпталмағанын анықтап, оның ішін қарап көрмек болған. Контейнердің ішінен квадроциклдерді көргеннен кейін, оларды ұрлауға шешім қабылдаған. Түнде ол досын жүк көлігімен шақырып, квадроциклдерді тиеп алып кетіп, қаланың сыртында тұратын туысының ауласына апарып қойған.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған квадроциклдер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру