Алматы полицейлері пәтер ұрысын құрықтады
Алматы полицейлері пәтер ұрысын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының полиция қызметкерлері пәтер ұрысын ұстады. Арнайы іс-шараны қалалық криминалдық полиция Басқармасы, Алатау аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді.
– Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, белгісіз біреу Көкқайнар шағын ауданындағы үйлердің біріне терезені бұзу арқылы кірген. «Визитер» жәбірленушілердің жеке мүлкін ұрлап, оларға 5 миллион теңге материалдық шығын келтірген. Осы дерек бойынша ұрланған мүлікті сатып алушы да анықталды. Ол Алматы облысының тумасы, 24 жастағы К. есімді азамат. Басты орындаушы 28 жаста. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша 188-баптың 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның «қызметіне» қатысты қосымша эпизодтарды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр, – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығыҚуатбек Науатов.