Алматы полицейлері ресейліктерге көліктерін табуға көмектесті
Алматы полицейлері ресейліктерге көліктерін табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресей ЖШС мүддесін қорғаған заң фирмаларының бірінің басшысы Алматы полицейлеріне алғысын білдірді. Автор өз сөзінде Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің қызметкерлері: Қайсар Төлебеков, Айбек Бейсен мен Әсел Тоқтароваға алғысын білдіреді.
– Құрметті Арыстанғани Расилханұлы! Сізге және сіздің қызметкерлеріңізге қойылған міндеттерді шешудегі кәсібилігі, біліктілігі мен белсенділігі үшін алғысымды білдіргім келеді. ЖПҚБ қызметкерлері жасалған қылмыс туралы барлық мәліметтер мен деректерді мұқият тексерді. Атап айтқанда: көліктің Қазақстан аумағында орналасқан жерін анықтау қажет болды. РФ аумағында жалға алынған бұл көлік Қазақстанға әкелініп, сатылған. Полиция қызметкерлері көлікті тапты. Алға қойылған міндеттерді атқаратын, біліктілігі жоғары мамандардың арқасында шетел азаматтары алдында полицияның имиджі жақсарып келеді, бұл өз кезегінде халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырады, – деді хат авторы.