Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер бөтеннің телефонын иемденген мас күйдегі қала тұрғынын анықтады

Елордалық полицейлер бөтеннің телефонын иемденген мас күйдегі қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бөтеннің телефонын алып кеткен қала тұрғынын “ізін суытпай” ұстады.

Бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы полицейлер, полиция ғимаратының кіреберісінде, жұмысқа келген әйелдің қалдырып кеткен сөмкесін байқап қалған 22 жастағы жігітті анықтады. Ол әйелдің назары басқа жақта болған сәтті күтіп, сөмке жатқан үстелге барып, еркін қол жеткізу арқылы Samsung телефонын білдіртпей алып шыққан, содан кейін ғимараттан кетіп қалған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдеме тәркіленді. Елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ішімдік ішкен жігіттің, мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін полицияға жеткізілген досымен бірге еріп келгені анықталды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру