Алматы полициясы 100 келіге жуық есірткі тәркіледі
Алматы полициясы есірткіге қарсы күрес айлығында 100 келіге жуық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске сала кетейік, халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық 26 маусымда аяқталды. Ол нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған.
– Осы айдың ішінде есірткі саудагерлерін әшкерелеу бойынша жедел позициялар да күшейтілді. Осы кезеңде заңсыз айналымнан барлығы 99 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде: 89 келі марихуана, 8,5 келі гашиш, 12 келіден астам синтетикалық есірткі, сондай-ақ 735 қарасора және 37 апиын түптері. Сонымен қатар, есірткіні сатудың 3 дерегі, оны өсірудің 3 дерегі, аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаудың 2 дерегі, есірткіні насихаттаудың бір дерегі, сондай-ақ 13 есірткі қылмысы анықталды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.