Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мүліктен тыйым салуды алып тастаймын”: алаяқ Өскемен тұрғынын 2 млн теңгеге алдап кетті

Алаяқ Өскемен тұрғынын 2 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Сол жағалау ПБ “102” жедел арнасына алаяқтық әрекетінің құрбаны болған облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны жүгінді.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрын өзіне таныс әйел тыйым салынған мүлікті банктерден сатып алу сылтауымен және оларды одан әрі сату үшін оның 2 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру