Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы алаяқтың арбауына түскен азаматтарды іздестіріп жатыр

Алматы полициясы алаяқтың арбауына түскен азаматтарды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тергеу барысында анықталғандай, А. есімді азаматша өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің кепілге қойылған мүлікпен жұмыс жасайтын қызметкері ретінде таныстырып, Алматы қаласында жоқ пәтерлерді сатқан. Алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға келіп арыз жазғаннан кейін белгілі болды.

– Күдіктінің іс-әрекетінің шарықтау шегі 2012-2013 жылдары болды. Өзін банк қызметкері ретінде көрсетіп, А. есімді азаматша пәтер беремін деген желеумен ақша талап еткен. Алдын ала төлем сомасы пәтердің шаршы метріне байланысты болды. 3 бөлмелі пәтерге 70 мың доллар, 1 бөлмелі пәтерге 17 мың доллар алған. Ақшаны алғаннан кейін іскер әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Ал алданған азаматтар уәде етілген баспананы ондаған жылдар бойы күткен. А. есімді азаматша ұсталды. Қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша жүргізілуде. Істі қарау барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас 4 эпизодқа қатысы бар екені белгілі болды. Келтірілген шығынның жалпы соммасы анықталуда, – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Тергеу мерзімінде А. есімді азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

– Айтпақшы, 2014 жылы әйел адам осыған ұқсас қылмыстары үшін сотты болған. Қазір оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды анықтау үшін күдіктінің жеке басын жария етудің процессуалдық қажеттілігі туындады. Бұл азаматшаны таныған адамдар болса, мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-701-732-86-54 және 8-701-624-28-24, –  деп толықтырды Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру